Астанада демалыс күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Елордада 28 және 29 маусым күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Астанада демалыс күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана әкімдігі

Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімі ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдер және басқа да өнімдерді тиімді бағамен сатып ала алады. 

Іс-шара 28 және 29 маусым күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді. 

Айта кету керек, елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 («Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешенінің қарсы бетінде) мекенжайында тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Жәрмеңкедегілер күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін тұрғындар мен қала қонақтарын қарсы алуға дайын. 

Келушілердің ыңғайлығы үшін жәрмеңке маңынан №2, 32, 49, 50, 73 бағытындағы автобустар жүреді. Бұл шара өтетін орынға жылдам жетуге мүмкіндік береді.\

Бұған дейін елордада боччадан халықаралық турнир өтетінін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар