Астанада ЭКСПО қарсаңында шетелдіктерді тәулік бойы тіркейді

 АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында Астана ІІД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері  тәулік бойғы режімде шетел азаматтарын тіркеуді жүзеге асырады, деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметі.  
None
None

Шетелдіктер тәулік бойы Сейфуллин 29 мекенжайында тіркеледі. Бұдан басқа, Мәңгілік Ел, 53 даңғылы бойынша «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге бірыңғай қызмет ету орталығында да төлқұжаттарды  уақытша тіркеу жүргізу, виза алу, ұзарту, сондай-ақ иммигранттарды қабылдайтын заңды тұлғаларды шақыртуды ресімдеуге болады.

Азаматтар бұдан басқа көші-қон қызметінің қалалық, аудандық бөлімшелерінде не бірыңғай ақпараттық жүйенің визалық-көші-қон порталы арқылы тіркеуден өте алады.

Визалық-көші-қон порталы, сондай-ақ e.gov.kz веб-порталы арқылы да уақытша тіркелуге болады. Бұл үшін электрондық кілт алуы қажет. Жүйеге логин пароль арқылы кіреді, одан әрі төлқұжат деректерін, мақсатын мерзімін, уақытша тұрған мекенжайын толтырады.

Жыл басынан бері Астана ІІД көші-қон қызметінде 64 мың шетел азаматы тіркелді.

Соңғы жаңалықтар