Астанада электр энергиясы мен жылу қызметтерінің тарифтері қымбаттайды ? қала әкімі

АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанынан бастап Астана қаласында электр энергиясы мен орталықтан жылыту қызметтері үшін тарифтер қымбаттайды. Бұл туралы бүгін өзінің есеп беру кездесуінде қала тұрғындарына Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қала әкімі электр энергиясы тарифінің қымбаттауының себебін энергияның жеткізілуі мен оны үлестірудегі бағаның артуымен түсіндірді. Нәтижесінде оның соңғы бағасы қосымша құн салығын қоса есептегенде 1кВт/сағат үшін 5,95 теңге болады. Бұл қазіргі тарифтен 29 тиынға қымбат. «Ал жылумен қамтамасыз ету тарифінің көтерілуі қатты отын бағасын реттеу мақсатында енгізіліп отырған іс-шаралармен байланысты. Сондықтан, үстіміздегі жылдың екінші тоқсанынан бастап жылу үшін 7 пайызға артық төлеуге тура келеді. Яғни орталықтан жылыту тарифі бір шаршы метр үшін 66 теңгеден 71 теңгеге көтеріледі», - деді ол. И.Тасмағамбетов қала тұрғындарын қалған коммуналдық қызмет тарифтеріне биыл бағаның көтерілмейтіндігіне сендірді.
Соңғы жаңалықтар