Астанада эпилепсиямен ауыратын 10 жүргізуші куәлігінен айырылды

АСТАНА. KAZINFORM –  Елорда прокуратурасы медициналық шектеулері бар тұлғалардың көлік жүргізу фактілерін анықтады. 

Астанада эпилепсиямен ауыратын 10 жүргізуші куәлігінен айырылды
Фото: Астана қаласының прокуратурасы

«Эпилепсия G40» диагнозы бар жүргізушілер көлік басқарған.

Мысалы, жүргізуші рөлде отырған кезде денесі құрысып, екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Ал жүргізуші болса 2021 жылдан бастап эпилепсия диагнозымен диспансерлік есепте тұрған.

Ол ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі таңда қала прокуратурасының бастамасымен сот 10 адамды жүргізуші куәлігінен айырды.

«Жол жүрісі туралы» заңының 75-бабына сәйкес, жүргізушінің денсаулығының нашарлауы медициналық қорытындымен расталған жағдайда, көлік басқару құқығын тоқтатуға заңды негіз.

Қала прокуратурасы жол бойында денсаулығына қауіп төндіретін адамдарды жүргізуші куәлігінен айыру бойынша жұмысты жалғастырады.

Айта кетелік жүргізуші аптап ыстықта жолға шығарда нені ескеру керектігі туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар