17:24, 09 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Астанада «Гамма» тұрғын үй кешенінен өрт шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Оқыс оқиға елорданың Нұра ауданындағы Бектұров көшесінде болған, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтер өртке оранған.
— Осы сәтте елордалық құтқарушылар Нұра ауданы Бектұров көшесінде орналасқан он екі қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтердегі өртті сөндіріп жатыр. Оқпандар енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Оқиғаның мән-жайы анықталады, — делінген хабарламада.
ТЖМ дерегіне сәйкес, 112-ге зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
Бұдан бұрын елорданың Байқоңыр ауданында бір қабатты павильон өртенгенін жазған едік.