Астанада гараждан басталған өрт қонақүйдің шатырына дейін тараған

АСТАНА. KAZINFORM — Елорданың Сарыарқа ауданында Бекетай көшесіндегі ғимараттардың бірі өртеніп жатыр. Қазір жедел штаб ашылып, 2 өрт сөндіру учаскесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Астанада үш қабатты ғимарат өртке оранды
Фото: ТЖМ

Өрт сөндірушілер келген кезде екі қабатты ғимараттың бірінші қабатындағы гаражда екі автокөлік жанып жатқаны анықталды. От жанында орналасқан төрт қабатты қонақүйдің шатырына дейін тараған.

— Жергілікті жерде жедел штаб ашылып, 2 өрт сөндіру учаскесі ұйымдастырылды. Оқпандар енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Жану ошақтарына қол жеткізу және оттың одан әрі таралуын болдырмау үшін ғимараттың шатыры ашылады. Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс жасап жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, — делінген хабарламада.

Қазір 150 шаршы метр алаңды шарпыған өрт сөндірілді. Дегенмен шатыр конструкцияларын суыту және бөлшектеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұдан бұрын Алматыда дүкен өртеніп, 5 адамға медициналық көмек қажет болғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар