Астанада ителгіні интернетте сатқан адам ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы «Алматы» аудандық ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері сұңқар-ителгілерді саудалап жұрген 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі.
None
None

Полицияға интернет желісінде Қызыл кітапқа енгізілген жойылып бара жатқан құстар түрлерінің сатылатындығы жайлы хабарлама жарияланғанын айтып, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК орталық аймақтық филиалының өкілдері хабарласқан.

Хабарламада әрбір құстың 1,5 миллион теңгеге саудаланатындығы көрсетілген. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлімі бойынша (сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар өсімдіктер немесе жануарлардың белгілі бір  түрлерін иемденуге тыйым салынғандарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тексерістің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің тұрғылықты жеріне жасалған тексеру әрекеттері барысында екі ителгі тәркіленді. Құстар «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК орталық аймақтық бөлімшесіне өткізілді.

Соңғы жаңалықтар