Астанада Қайрат Нұртастың қатысуымен өтетін концерт кейінге ауысты

концерт
Фото: instagram.com/bm_production_kz

АСТАНА. KAZINFORM – Әншінің қатысуымен өтетін музыкалық кеш 7 шілде күні сағат 19:30-да елордадағы Конгресс Холда өтуі тиіс еді.

«7 шілде күні «Астана» концерт залында өтеді деп жоспарланған Қайрат Нұртас, Мирас Жүгінісов және Қазыбек Құрайыштың концерті басқа күнге ауыстырылғанын хабарлаймыз. Сатып алынған билеттерді ticketon.kz сайты арқылы кері қайтаруға болады» делінген хабарламада.  

Осы орайда елорда әкімдігі аталған концертті жеке ұйымдастырушылар өткізгелі жатқанын хабарлады. 

Айта кетсек, бүгін көліктегі полиция департаменті Қайрат Нұртастың үстінен «Алматы-Астана» әуе рейсінде ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалғанын хабарлаған еді.

Астана қаласының әкімшілік істер бойынша мамандандырылған соты танымал әншінің ісін онлайн қарады және сол жерде Қайрат Нұртас мәлімдеме жасады. 

Соттың қаулысымен Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынды.

Еске сала кетейік, өткен жылы Талдықорғанда әнші Қайрат Нұртас отырған көлік жол ережесін өрескел бұзған болатын. 

Сондай-ақ,1000 доллар авансты қайтармағаны үшін атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты сотқа берген.

Соңғы жаңалықтар