Астанада Кенесары ханның ескерткішін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды
АСТАНА. KAZINFORM – Кенесары ханның ескерткіші қалпына келтірілген соң, Есіл өзенінің жағалауындағы бұрынғы орнына қайта орнатылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Instagram парақшасында хабарлады.

— Астанадағы Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмыстарынан өтіп, қайта орнатылды! Қазір ескерткіш айналасында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде., — делінген хабарламада.
Бұған дейін Кенесары ханның ескерткіші қайта жөнделетіні хабарланған болатын.
Сол кезде жүргізілген сараптама нәтижесінде ескерткіш іргетасының қисайғаны және оның құлау қаупі бар екені анықталған. Реставрация жұмыстары осы мәселені шешу және мәдени мұраны сақтау мақсатында қолға алынған.
Қорғаныс министрлігі Кенесары ханның соғыс тәсілдерін зерттеп жатыр.