Астанада «Koktal Run» марафоны өтеді

АСТАНА. KAZINFORM - Астанада Республика күніне орай Сарыарқа ауданында «Koktal Run» жүгіру марафоны өтеді, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада «Koktal Run» марафоны өтеді
Фото: gov.kz

19 қазан «Koktal Run» жүгіру марафоны ұйымдастырылады. Оған жеңіл атлетиканы ұнататын әрбір тұрғын қатыса алады.

Жүгіру қашықтығы:

1. Балалар (14 жасқа дейінгі ұлдар): 2 км;
2. Балалар (14 жасқа дейінгі қыздар): 1 км;
3. Ересектер (18-49 жасқа дейінгі ерлер): 5 км;
4. Ересектер (18-49 жасқа дейінгі әйелдер): 5 км.
5. 50 жастан асқан ерлер/әйелдер (5 км қашықтық);

Қатысушылар саны – 500 адам.

Күні: 19.10.2024, сағ. 09:00, марафонға қатысушыларды тіркеу 19.10.24 8:00-ден 9:00-ге дейін.

Өтетін орны: «Көктал» саябағы, Бейбарыс Сұлтан көшесі.

Марафон соңында балалар мен ересектер арасында 1-2-3 орындарға қатысушылар марапатталады. Марафон жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және бағалы сыйлыққа ие болады.

Маман жүгірудің, жиі жаяу жүрудің пайдасы туралы айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар