Астанада қоқысын жинамағаны үшін ПИК пен құрылыс компанияларына айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен аптада Астананың «Есіл» ауданында қаланы көріктендіру ережелері, санитарлық жағдайы және тазалықпен қамтамасыз ету бойынша 35 тәртіп бұзушылық анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әкім аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада қоқысын жинамағаны үшін ПИК пен құрылыс компанияларына айыппұл салынды

Үш мердігер ұйым, екі бизнес субъектісі, бір құрылыс компаниясы, пәтер иелерінің кооперативтері және 28 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке  тартылды. Шартты айыппұл 317 660 теңгені құрады.

«Есіл» ауданы аумағының  санитарлық жағдайын бақылау аудан әкімдігі мен  АІІБ жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полиция бөлімшесімен бірге атқарылды.