Астанада көлік отқа оранды

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының Алматы ауданының Орхон көшесінің бойында жеңіл көлік жанды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Астанада көлік отқа оранды
Видеодан алынған кадр

— Құтқарушылар жанып жатқан көліктегі өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр, — делінген хабарламада.

 ТЖМ автокөлік иелерін өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады!

Айта кетейік, кеше үш орман өрті тіркелді.

Оның біреуі Ақтөбе облысында, екеуі Шығыс Қазақстан облысында болған.