Астанада көпқабатты үйлерге жылу беріліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада жылыту маусымы басталды.

жылыту
Фото: Pixabay

Сыртқы ауа температурасының төмендеуін ескере отырып, әкімдік 2024-2025 жылыту маусымының басталуы туралы қаулы қабылдады.

24 қыркүйектен бастап тұрғын үйлерге кезең-кезеңімен жылу беру басталды.

Барлық нысандарды толық қосу екі-үш күн ішінде жоспарланып отыр.

Бұған дейін әлеуметтік нысандар олардың өтінімі бойынша (мектептер, балабақшалар, емханалар) жылуға қосылған болатын.

«Бүгінгі таңда орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне 139 әлеуметтік нысан (мектептер, балабақшалар, емханалар және басқа) қосылған», — деп хабарлады әкімдік. 

Соңғы жаңалықтар