Астанада көпқабатты үйден секірмек болған келіншек полиция басқармасына жеткізілді
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің ресми өкілі София Қылышбекованың мәлімдеуінше, Достық көшесінің бойындағы «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үйіне келген полиция жасағы келіншек пен оның күйеуін Есіл аудандық Полиция басқармасына мән-жайды анықтау үшін жеткізген.
«Тексеру барысында келіншек күйеуімен ұрсысып қалған соң көпқабатты үйден, биіктен төменге секіремін деп күйеуін тек қана қорқытпақ болғаны белгілі болды. Алайда ол секіргісі келмеген.
Ерлі-зайыптыларға қатысты қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік өндіріс қозғалды. Медициналық сараптамаға сәйкес ерлі-зайыптылар ішімдікке мас болған», - деді ресми өкіл.
Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде келіншек аталмыш тұрғын үйдің 32-қабатынан секірмек болған.
Әлеуметтік желілерден алынған фотосурет