Астанада құрылыс компаниясы пәтерлерді бірнеше адамға сатып келген

Сотқа дейінгі тергеу органдары «Төленді» құрылыс компаниясынан жапа шеккен азаматтарды Астана қаласы Ішкі істер департаментіне хабарласуларын сұрайды.
«Төленді» ТҚК «Столичный-2» (Абай көшесі мен Сарыарқа даңғылы қиылысында), «Аниса», «Аниса-2», «Аниса-3» (Қорғалжын тасжолы), «Көктал-2» (Тілендиев даңғылы 50/1 үй), «Абат» (Е 181, 363 пен 429 көшелері қиылысы), «Абайдың 150 жылдығы» (Абайдың 150 жылдығы көшесі мен 167 көшесі қиылысы) және № 23-31 және А.Байтұрсынов көшелері қиылысы ауданындағы тұрғын кешені көп пәтерлі тұрғын кешендерін салушы болып табылады.
2013-2015 жылдар аралығында «Төленді» компаниясы пәтерлерді екі мәрте сатып, жоғарыда аталған тұрғын кешендері құрылысының мерзімі бойынша міндеттемелерді бұзған.
«Осыған байланысты, азаматтардың «Төленді» ТҚК салған тұрғын кешендерден пәтерлерді сатып алмауын сұраймыз. «Центр Продаж №1» ЖШС басшылығына, жылжымайтын мүлік агенттіктері мен Астана қаласының делдалдарына (риэлторларына) қылмыстық іс бойынша нақты процессуалды шешім қабылдауға дейін «Төленді» ТҚК пәтерлерін сату бойынша консалтингтік қызметтерден бас тартуға кеңес береміз», - делінген хабарламада.
Құрылыс салушыға қатысты нақты процессуалды шешім қабылдау үшін, сотқа дейінгі тергеу органы «Төленді» ТҚК салушысының әрекетінен зардап шеккендер, сондай-ақ іске маңызды мән-жайды білетін азаматтар Астана қаласы Ішкі істер департаментіне 71-62-13, 71-60-10, 8-702-438-67-67 телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады.