Астанада лифт шахтасына құлаған мұғалім құтқарылды

Загорелся мусор в лифте многоэтажки в Кызылординской области
Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM - Елордалық құтқарушылар мектептегі лифт шахтасына құлаған мұғалімді құтқарып қалды.

15 маусым сағат 9:24-те елордалық ТЖД құтқарушылары Б.Момышұлы 1/1 мекенжайына шықты.

«Құтқарушылардың келіп жетуі бойынша мектептің лифт шахтасына мұғалімнің түсіп кеткені анықталды. Мамандар көмегімен 1986 жылы туған әйел лифт шахтасынан құтқарылып, ары қарай қала ауруханалардың біріне жеткізілді», - деп жазылған қалалық ТЖ департаментінің ресми хабарында.

Белгілі болғандай, мұғалімнің жағдайы орта деңгейде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Соңғы жаңалықтар