Астанада лифтіде жарақаттанған бала ауруханадан шығарылады
АСТАНА. KAZINFORM – Елордада тұрғын үй лифтінде жарақат алған баланың денсаулығы жақсарып келеді, ертең ауруханадан үйіне шығарылады.

– Баланың жағдайы жақсы, еш шағым жоқ. Бүгін таңу жасалғанда жарақат тігістері жартылай алынды. Қабыну белгілері жоқ, сондықтан ертең баланы ауруханадан шығаруды жоспарлап отырмыз, - деді №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы директорының орынбасары Медет Нұғманов.
Айта кетейік, елордадағы тұрғын үйлердің бірінің лифтінде жасөспірімнің кішкентай балаға пышақпен шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады.
Шабуыл жасаған жасөспірім арнайы психоневрологиялық есепте тұрған.
Гештальт-психолог Лейла Мирас психикасы дертке шалдыққан, яғни қауіпті болуы мүмкін адамды қалай байқап, қалай сақтану керектігі туралы кеңес берді.