Астанада оқушыны соғып кеткен жүкті әйел үйқамаққа алынды - ІІД

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана ішкі істер департаменті кеше елордада болған жол-көлік апаты бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
None
None

Ведомстводан хабарлағандай, аталған факт сот алдындағы тергеудің бірыңғай реестрінде «абайсызда адам өліміне соқтырған жол қозғалысы ережесі және көліктік құралды басқару ережесін бұзу» 345-ші бабы 3-бөлімі бойынша тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, 25 мамырда күндізгі сағат 12-і шамасында А.Иманов көшесімен келе жатқан «Toyota Land Cruiser PRADO» көлігінің 32 жастағы жүргізушісі Қажымұқан көшесінің қиылысында бұрылуы кезінде жаяу жүргіншілерге арналған жолмен кетіп бара жатқан 11 жастағы мектеп оқушысын қағып кетті. Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Оқушы спорттық жаттығулардан келе жатқаны белгілі болды.

Медициналық құжатқа сәйкес, күдікті жүктіліктің төртінші айында екен.

Қазіргі уақытта үйқамаққа алу түріндегі шара қолдану үшін тиісті материалдар жиналды.

Соңғы жаңалықтар