06:34, 08 Қаңтар 2025 | GMT +5
Астанада он алтыншы «Жайлы мектеп» ашылды
АСТАНА. KAZINFORM – «Нұра» ауданындағы Е-535 көшесінде орналасқан №100 жаңа мектеп 2 000 оқушыға арналған. Астана әкімдігі Telegram-каналының хабарлауынша, мектептің жалпы ауданы 23 мың шаршы метрді құрайды.

Білім беру мекемесінде заманауи кабинеттер, 450 орындық акт залы, 130 адамға арналған асхана, физика, химия және биология зертханалары, сондай-ақ 4 спорт залы бар.
«Бұл мектеп өзінің материалдық-техникалық базасымен ерекшеленеді. Бүгінгі таңда мектепке 500-ге жуық оқушы қабылданды», - деді мектеп директорының міндетін атқарушы Мұрат Ахметов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда 2025 жылы қанша мектеп автобусы сатып алынатынын жазған едік.