18:00, 03 Тамыз 2025 | GMT +5
Астанада Президент кубогының жеңімпазы анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласында теннистен Президент кубогы үшін челленджер турнирі аяқталды.

Финалда әлемнің 187-ракеткасы, норвегиялық Николай Будков Кьер рейтингіде 420-орындағы италиялық Александр Биндуді 6:4, 6:3 есебімен ұтты.
Осылайша, 18 жастағы норвегиялық теннисші 8 350 долларға қоса 50 рейтингілік ұпайға ие болды. Бұл — оның спорттық жолындағы челленджер жарысындағы үшінші титулы.
Жұптық сында жапониялықтар Тайсей Ишикава — Кокоро Исамура үздік шықты. Олар соңғы бәсекеде филиппиндік Фрэнсис Алькантара — кореялық Сун Пакты ұтты — 7:5, 2:6, 10:5.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Монреаль турнирінде Елена Рыбакинаның камбэк жасап, ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.