Астанада референдум өтетін күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады

АСТАНА. KAZINFORM – 6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Бұл күні Астана автобустарында жол жүру тегін болады, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

маршрут дороги
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

6 қазанда Республикалық референдум өткізілетін күні қалалық және қала маңындағы маршруттарда жол жүру тегін болады.

Автобустар таңғы сағат 6:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жүреді. 7 қазаннан бастап қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

Айта кетейік, Президент республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.

ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиевтің «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 40-бабына сәйкес Қазақстанда атом электр стансасын салу жөніндегі референдумға қатысты үндеу жарияланды. 

АЭС референдумы туралы Президент Жарлығының жобасы Үкімет қарауына жіберілді.

10,3 мың дауыс беру учаскесі құрылады.

Соңғы жаңалықтар