Астанада салынып жатқан ғимараттың 7-ші қабатынан құлаған жұмысшының өліміне қатысты тергеу басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 6 тамызда, шамамен сағат 20:10 Орынбор көшесі бойындағы ғимараттардың бірінің құрылысында жұмыс кезінде 1984 жылы туған Қызылорда облысының тұрғыны 7 қабаттан құлаған, деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Ер адам алынған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

«Бұл факт сот алды тергеуінің бірыңғай тізіміне тіркелді. ҚР ҚК 156 бабы бойынша тергеу жұмыстары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар