21:56, 08 Қазан 2025 | GMT +5
Астанада семсерлесуден «Мықтылар турнирі» өтеді
АСТАНА. KAZINFORM – 11 қазанда елордада семсерлесуден «Мықтылар турнирі» атты халықаралық жарыс басталады.

Турнир барысында ерлер мен әйелдер арасында жүлделер сарапқа салынады. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Гонконг және Қырғызстанның үздік семсерлесушілері қатысады.
Спорт бәсекесіне еліміздің әр өңірінен семсерлесу спортының үздік өкілдері, чемпиондар мен халықаралық турнирлердің жүлдегерлері, шетелдік спортшылар да арнайы шақырту алған.
12 қазанға дейін жалғасатын жарыс Назарбаев Университетінің Атлетикалық кешенінде өтеді.
Бұған дейін Қазақстан семсерлесуден кадеттер арасында өткен Азия кубогында екі алтын медаль жеңіп алғанын хабарлағанбыз.