22:16, 06 Тамыз 2025 | GMT +5
Астанада Ш.Айтматов көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Айтматов көшесінің Сығанақ көшесінен Қорғалжын тасжолына дейін жол төсемінің үстіңгі қабатын салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 6-15 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Бұған дейін Астанада донорлықты қолдауға арналған жүгіру-фестивалі өтетінін хабарлаған едік.