Астанада тағы екі Оқушылар сарайы мен музыкалық мектеп салынады
АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа нысандардың қай мекенжайларда салынатынын айтты.
Оның сөзінше, қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын жүйелі түрде дамып келеді, оның ішінде жаңа нысандарды салу да бар.

— Олар — мектептер, балабақшалар, спорт нысандары, студенттік жатақханалар, медициналық мекемелер, оқушылар сарайы және т. б. Мәселен, биыл біз жеке инвестициялар есебінен тағы екі мемлекеттік Оқушылар сарайын және бір музыкалық мектеп салып, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Олар мына мекенжайларда орналасады: Ақан сері және С189К көшелерінің қиылысы (№ 106 орта мектептің жанында), М.Төлебаев көшесі (№ 116 орта мектептің жанында), Сығанақ көшесі, № 17/41 (№ 101 орта мектептің жанында). Осыған дейін 3 Оқушылар сарайын салып, пайдалануға бердік. 2027 жылы осындай тағы 2 нысан салып, қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз, — деп жазды Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы парақшасында.


Бұдан бұрын Астанада білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілетінін жазған едік.