Астанада TikTok-та балағат сөздер айтқан жігіт қамауға алынды

АСТАНА. KAZINFORM — Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полицейлер TikTok платформасындағы тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін анықтады.

Астанада TikTok-та балағат сөздер айтқан жігіт қамауға алынды
Фото: pexels

Полицияның мәліметінше, 18 жастағы Жанарыс Жұмабай онлайн-трансляция кезінде көпшілік алдында балағат сөздер айтып, жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзған.

Аталған факті бойынша жігіт ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот қаулысымен оған 10 тәулік мерзімге қамауға алу жазасы тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде ер адам TikTok-та балағат сөз айтқаны үшін қамауға алынғанын хабарлаған едік.

Оның алдында Талдықорғанда TikTok эфирінде балағат сөз айтқан әйел жазаланғанын жазғанбыз.