Астанада цех отқа оранды

АСТАНА. KAZINFORM — Елорданың Байқоңыр ауданы Ақсай көшесі бойында орналасқан шаруашылық корпусында өрт шықты. Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен екі сағаттай күресіп, өртті ауыздықтады. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.

Астанада цех отқа оранды
Фото: ТЖМ

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өртке қарсы қызметі жоғарғы ранг бойынша жұмыс жасаған.

Өрт сөндірудің жедел штабы құрылып, 4 жауынгерлік учаске жұмыс істеді.

Астана уақытымен 08:58–де өрт оқшауланды.

Астанада цех отқа оранды
Фото: ТЖМ

— Өрт 500 шаршы метр алаңда сөндірілді. Нақтыланған мәлімет бойынша, газ блоктарын шығаратын цех шатыры өртенген. Зардап шеккендер жоқ, — деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордадағы Нұра ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде өрт шығып, құтқарушылар 33 адамды, оның ішінде 6 баланы қауіпсіз жерге шығарылған еді.

Соңғы жаңалықтар