Астанада Ұлттық құзыреттер орталығы құрылады

АСТАНА. KAZINFORM – Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында Астанада Ұлттық құзыреттер орталығы құрылатынын айтты.

Астана
Фото: Kazinform

— Жұмысшы мамандықтар жылының тағы бір жаңалығы Астана қаласында Ұлттық құзыреттер орталығын құру болмақ. Бұл орталық кәсіби құзыреттерді, жаңа технологиялық шешімдерді, заманауи кәсіби дағдыларды әзірлеп, өндіріске енгізуге ықпал етеді, — деді Ғани Бейсембаев.

Оның айтуына қарағанда мұндай орталықтар әлемнің алдыңғы қатарлы индустриалдық мемлекеттерінде бұрыннан бар.

— Сонымен қатар, Ұлттық құзыреттер орталығы базасында жыл бойы халықаралық чемпионаттарға арналған оқу-жаттығу лагерлері, республикалық чемпионат, педагогтерге арналған салалық курстар өткізіледі, — деді министр.

Еске салсақ, Президент Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланған еді. 

Соңғы жаңалықтар