Астанада жатақханадағы өрттен адамдар құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада жекеменшік жатақхана өртеніп, 60 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
None
Фото: t.me/qr_tjm

«23 шілде күні сағат 21.57-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру бөлімшелері Көктал ауданында жатақхана жанып жатқаны туралы хабарламаға жоғары шақыру нөмірі бойынша шықты.

Оқиға орнына жеткен кезде анықталғандай, от 2-қабаттағы бөлмеде 20 шаршы метр аумақта шыққан. Жалын тез таралды, жоғарыдағы бөлмелерді түтін басты. Өрт сөндірушілер қою түтін арасында жұмыс істеді.

Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен иінді үш көтергіш арқылы 2 адам аман-есен құтқарылды, 60 тұрғын эвакуацияланды. Тұрғындарды орналастыру мәселесін жатақхана иесі шешеді», - делінген мәліметте.

ТЖД күштерімен тілсіз жау сағат 22.28-де оқшауландырылып, 22.48-де сөндірілді.

«Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп нақтылады ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар