Астанада жеке сот орындаушылар жеке табыс салығын төлемей келген

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада жеке сот орындаушылардың салықтан жалтару фактілері анықталды. Тексерістен кейін мемлекет пайдасына 40 млн теңгеге жуық қаражат өндірілді, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметі.

ЧСИ
Фото: gov.kz

Нұра ауданының прокуратурасы жеке сот орындаушылардың салық төлеу мәселесі бойынша талдау жүргізді.

— 30 жеке сот орындаушы жеке табыс салығын кем көрсеткендігі, ал 26 мүлдем төлемегендігі анықталды. Қадағалау актісімен мемлекет пайдасына 40 млн теңгеге жуық ақша өндірілді, — делінген хабарламада.

Ведомство атап өткендей, бұл бағытта жұмыс жалғасатын болады.

Бұдан бұрын Әділет министрлігі алимент өндіру көрсеткішін жақсарту үшін сот орындаушыларына қойылатын талаптарды қатаңдатпақшы екенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар