Астанада ЖЭО-1-дегі екі қазандықтың күрделі жөндеуі аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанадағы 1-ЖЭО-да екі энергетикалық қазандық агрегатына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 

Астанада ЖЭО-1-дегі екі қазандықтың күрделі жөндеуі аяқталды
Фото: Gov.kz

«Астана-Энергия» АҚ-ның 1-ЖЭО-да жүргізген жөндеу жұмыстары еліміздің электр станцияларындағы жоспарлы жөндеу науқаны аясында аяқталды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана бойынша аумақтық департаменті энергетикалық жабдықтардың техникалық жай-күйіне, жөндеу жұмыстарына және жылыту маусымының барысына тұрақты мониторинг жүргізеді.

— Энергетикалық нысандардың сенімді жұмыс істеуі мен тұтынушыларды үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету мәселелері Комитеттің ерекше бақылауында, — делінген хабарламада.

Еске салайық, мұның алдында Алматыдағы № 2 жылу электр орталығында көмірдің орнына табиғи газбен жұмыс істейтін жаңа қазандық іске қосылғанын жазған едік.