Астанадағы Grand Slam турнирі: Ертең кімдер белдеседі

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының екінші жарыс күні татамиге ерлерден екі, әйелдерден екі салмақта балуандар өзара мықтыны анықтайды.

Астанадағы Grand Slam турнирі: Ертең кімдер белдеседі
Фото: olympic.kz

Атап айтсақ, ертең ерлер арасында 73 және 81 келі салмақта, ал әйелдер арасында 63 және 70 келідегі дзюдошылар сынға түседі.

Ерлер арасында 73 келіде ел намысын Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, Бақытжан Әбдірахманов қорғаса, 81 келіде Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев, Жалғас Қайролла, Мәди Амангелді татамиге шығады.

Ал әйелдер арасында 63 кліде ел намысын Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева, Кристина Сотникова, Зарина Сарипова қорғаса, 70 келіде Екатерина Токарева, Анастасия Маякова, Анастасия Морозова сынға түседі.

Айта кетейік, елорда төрінде өтіп жатқан бұл жарыста Париж Олимпиадасының соңғы лицензиялары сарапқа салынып жатыр. Аталған додаға әлемнің 92 елінен 519 татами шебері қатысып жатыр. Сынға түсіп жатқан балуандардың қатарында 3 Олимпиада, 13 әлем чемпионы бар.

Бұл бәсекенің нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингілерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін 1 000, ІІ орын үшін 700, ал ІІІ орын үшін 500 ұпай есептеледі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қыздар арасында Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасынан тұңғыш рет Grand Slam турнирінің чемпионы атанса, ерлер арасында 60 келі салмақта Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов өз еліміздегі жарысты қола медальмен аяқтады.

календарь күнтізбе
Ұқсас жаңалықтар

4 мамыр. Kazinform күнтізбесі. Жылнама