Астанадағы ірі жол апаты: істі тергеу аяқталу сатысында
АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов елордадағы көпірде болған ірі жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық істің мән-жайын айтты.
— Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Қазір тиісті сараптамалар жүріп жатыр. Оның қорытындысын қосымша жариялаймыз, — деді Санжар Әділов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Сонымен қатар ол қылмыстық істі тергеу аяқталуға жақындағанын айтты.
Еске салсақ, биыл қаңтар айының аяғында елордадағы Сарайшық көшесіндегі ірі жол апаты салдарынан екі адамның өмірін қиылды.
«Toyota» көлігінің жүргізушісі Сарайшық көшесімен келе жатып, көпір үстінде рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан ол қарсы бетке шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан «Lada» және «Skoda» көліктерімен соқтығысқан.