Астанадағы бейнебақылау: Тәртіп бұзушылықтар қалай тіркеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеxа Астанадағы бейнебақылау жүйесі туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оның айтуынша, қазіргі кезде жедел басқару орталығына 800 камера қосылған. Бұдан бөлек, "Сергек" жүйесін интергациялау жұмысы атқарылып жатыр. Алайда барлық камералар әлі бір арнаға қосылмады. Дегенмен, жол қозғалысы бойынша тәртіп бұзушылықтар автоматты түрде тіркеледі. Соның нәтижесінде көлік жүргізушілері ережені көп бұзбайтын болды. "Ал жаңағы 800 камера туралы айтар болсақ, әлі де біраз кемшіліктер бар. Иә, қандай да бір қылмыс болғанда ол камера басқа жаққа қарап тұруы мүмкін. Содан тәртіп бұзушылардың әрекеті жазылмай қалады. Камера екі жаққа айналып тұрады ғой. Сосын бізге операторлар жетіспей жатыр. Бір ауысымда 4-5 бейнеоператор жұмыс істейді. Енді, адам факторы болады, оператор басқа жаққа қарап қалады, орнынан тұрып кетеді және тағысын тағы. Сондықтан бізге интеллектуалды камералар керек. Ішкі істер министрлігі осы бағытқа басымдық беріп отыр. Себебі ондай құрылғылар өздігімен операторға сигнал береді", - деді И. Лепеxа Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, Астана күні қарсаңында елорданың құқық қорғаушылары, сондай-ақ үш облыстың жеке құрамы күшейтілген режімге көшетін болады. ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың айтуынша, 27 маусым мен 8 шілде аралығында астаналық гарнизон, сондай-ақ Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарының жеке құрамы күшейтілген режімге көшіріледі.

"Ол күндері елорда аумағында қоғамдық тәртіпті полицияның күшейтілген жасақтары бақылайды. Ал мерекелік шаралар өтетін жерлерде тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі", - деді А.Сәдубаев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Ал ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеxа мереке күндері мас болған адамдарды ұстап әкетуге қатысты түсінік берді. 

Соңғы жаңалықтар