Астаналық дәрігерлер ұшақта инсульт алған Жапония азаматының өмірі үшін күресіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Токиодан Цюрихке бағыт алған әуе рейсі елорда әуежайына шұғыл қонды. Ұшақта жолаушылардың бірі инсульт алған.

Операция
Фото: Аяпбергенов Ағыбай / Kazinform

«Биыл 17 тамызда жедел жәрдем қызметі әуежайдан ми қан айналымының жіті бұзылуымен (инсульт) ер адамды №2 қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізді. Реанимация бөлімшесіне жатқызылды, қазір пациенттің жағдайы ауыр», - деп жазды Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан. 

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау басқармасынан 52 жастағы жапон азаматына «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 88-бабының 5-тармағына сәйкес ем көрсетілетіні айтылды. 

Еске сала кетейік, 17 тамызда елорда әуежайынан барлық рейс уақытша тоқтатылып, әуежай екі сағатқа жабылған еді. Оған себеп 50 жастағы жолаушы инсульт алған, сосын әуе экипажы елорда әуежайына қонуға шешім қабылдаған

Соңғы жаңалықтар