11:03, 23 Қаңтар 2026 | GMT +5
Астана мен Көкшетауда екінші ауысым оқушылары да онлайн оқитын болды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін елордада екінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.
— 2026 жылғы 23 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар Көкшетау қаласының білім бөлімінің мәліметінше, ауа температурасының -27,4 градусқа түсуіне, желдің 3 м/с жетуіне байланысты екінші ауысымның 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
Бұдан бұрын Павлодарда 0–4 сынып оқушылары онлайн оқитынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Астанада бірінші ауысым оқушылары онлайн оқитынын хабарлаған едік.