Астаналық велошабандоз Париж-Ницца кезеңінде 3-орын алды

АСТАНА. KAZINFORM – XDS Astana Team велошабандозы Гарольд Тежада Париж-Ницца көпкүндік жарысының сегізінші кезеңінде 3-орын алды.

Астаналық велошабандоз Париж-Ницца кезеңінде 3-орын алды
Фото: Xds Astana Team

Финалдық кезең Ницца қаласының көшелерінде өтті. Жарысқа қатысушылар бұл жолы 129,2 шақырымды артқа тастады. Бұл кезеңде Bahrain Victorious командасының өкілі, франциялық спортшы Ленни Мартинес алдына жан салмады. Екінші орынды даниялық велошабандоз Йонас Вингегаард иеленсе, үшінші орын XDS Astana Team велошабандозы, колумбиялық Гарольд Тежадаға бұйырды.

Жалпы есеп бойынша Йонас Вингегаард жарыстың жеңімпазы атанды. Ал Гарольд Тежада жалпы есепте 10-орынды місе тұтты. Финалдық кезең нәтижелері жарыс қортындысына әсер етті. 

Еске сала кетейік, бұған дейін астаналық велошабандоз Қырғызстандағы ашық чемпионатта жеңіске жеткенін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар