Астаналық ІІД Әмбебап полицей дайындығын бастады
Аталған жоба күзет және жол полициясының саптық бөлімшелерін қосу арқылы олардың өкілеттіліктерін кеңейтіп, құрылымдық жағынан жаңартуды қарастырады. Бұл барлық қылмыстар мен тосын оқиғаларға әп сәтте шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
«Әмбебап полицей» қанатқақты жобасы Павлодар және Жамбыл облыстарында сынақтан өтті.
astana.kz сайтының жазуынша, қазіргі кезде Күзет полициясының полкі дайындық іс-шараларына кірісіп, әскери және қызметтік жүйеде сабақтар ұйымдастырылуда.
«Әмбебап полицейге» үміткерлерге жоғары талаптар қойылады. Астаналық Күзет полициясы полкінің жеке құрамымен дайындық жөнінде пәрменді жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, 2013 жылдың сәуірінен бастап Күзет полициясы полкінің қызметкерлері әкімдіктің қолдауымен автоорталық оқу базасында 3 айдың ішінде жол қозғалысы ережесі мен автомобильді техникалық жүргізу бойынша тереңдетілген оқу курсынан өтеді» - деп хабарлайды Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінен.