Астаналықтардың 90 пайызы тротуардың нашарлығына шағымданды - «Жаңа адамдар»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалалар мен Астананы абаттандыру туралы тапсырмасын негіз етіп алған «Жаңа адамдар» жастар қозғалысының белсенділері елорда тұрғындары арасында сауалнама жүргізді.
«Қалаңызда қандай проблема бар?» деген сауалға жауап бергендердің 90% жаяу жүргіншілерге арналған тротуардың жоқтығын айтқан.
Бұл мәселе әсіресе мектеп жасындағы балалардың арқасына бататын көрінеді.
Қаланың орталық бөліктерінде жаяу жүргіншіге арналған соқпақтың болмауы олар үшін айтарлықтай кедергі.
Жас аналар сәби салған арбамен қалада қыдыру қиын екенін айтқан. Оның да себебі – тротуардың жоқтығы.
Осы шағымдардан кейін қозғалыс белсенділері қаладағы тротуарларға тест-драйв өткізіп көрген.
«Бір күннің өзінде ғана 35-тен астам жайсыз немес апаттық жағдайдағы учаскені анықтадық. Мұндай ақаулы тұстар бұдан да көп екеніне сенімдімін. Ооларды осыкүйі қалдыруға болмайды. «Жаңа Қазақстанның астанасында мұндай қауіпті жолдар болмауы керек», - дейді «Жаңа адамдар белсендісі Арлен Таңатұлы.
Қозғалыс өкілдері қала тұрғындарын Астанадағы проблемалы орындардың тізімін бірлесіп әзірлеуге шақырып отыр.
«Тұрғындар қаланың қай бөлігінде қауіпті орындар екенін бізге жолдай алады. Біз соның бәрін жинастырып, 11 мамыр күні әкімдікке апарамыз», - дейді «Жаңа адамдар» өкілі.