10:14, 13 Қыркүйек 2024 | GMT +5
Астананың айналма жолы екі аптаға жабылады
АСТАНА. KAZINFORM — Елорданың айналма жолында көлік қозғалысына тыйым салынады.

Орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Р-10 «Астана айналма жолы» автожолының 30-36 шақырымы учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылады. Бұл жайында ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясынан хабарланды.
Акционерлік қоғам таратқан мәліметке сенсек, 2024 жылғы 14 қыркүйектен 1 қазанға дейінгі аралықта «Астана айналма жолы» автомобиль жолының 30-36 шақырымы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Есе сала кетейік, Алматыда «Астана» алаңы жабылуына байланысты 10 автобус бағыты өзгерді.
Сонымен қатар қала күніне байланысты бірнеше көше 4 күнге жабылған.