Астананың айналма жолы екі аптаға жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Елорданың айналма жолында көлік қозғалысына тыйым салынады. 

Дорога Жол трасса
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Р-10 «Астана айналма жолы» автожолының 30-36 шақырымы учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылады. Бұл жайында ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясынан хабарланды.

Акционерлік қоғам таратқан мәліметке сенсек, 2024 жылғы 14 қыркүйектен 1 қазанға дейінгі аралықта «Астана айналма жолы» автомобиль жолының 30-36 шақырымы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.   

а
Фото: ҚазАвтоЖол

Есе сала кетейік, Алматыда «Астана» алаңы жабылуына байланысты 10 автобус бағыты өзгерді. 

Сонымен қатар қала күніне байланысты бірнеше көше 4 күнге жабылған. 

Соңғы жаңалықтар