Астананы су басты: «Elorda eco system» директоры қызметінен кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Elorda eco system» директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы қала әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Видеодан алынған кадр: tiktok.com/@__abdabekova
Қаланың нөсер суын қабылдайтын кәріз жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі және салдарынан кейбір учаскелерді су басуға жол берілгені үшін «Elorda eco system» директоры Тимур Шоданов қызметінен босатылды. Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Elorda eco system» алдына жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шаралар жүргізу міндеті қойылды, Атап айтқанда, бұлар: коллекторлар мен жаңбыр суын қабылдағыштарды тазарту, құбырларды булау, нөсерлі кәріз желісінің қуатын ұлғайту және тағы басқалары», - делінген әкімдік мәліметінде.

Әкімдік ақпаратына сәйкес, 2023 жылы жерүсті ағын суын бұру үшін нөсер суын қабылдайтын 2,5 км магистральды желі салу жоспарланып отыр. Осыған дейін 200-ден астам проблемалы учаскеде су басу мәселесі шешілген.

Еске салайық, кеше Астанада жаңбыр салдарынан кейбір көшелерді су басқан болатын. Салдарды жоюға 100-ден астам техника жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар