Ата-ана - мұғалім - оқушы - үшжақты байланыс «Күнделік» жобасы арқылы нығая түспек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы оқу жылынан бастап, «Күнделік» жобасы республикамыздың 4000-ға жуық мектептерінде енгізілген болатын. Оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасымен қазақстандық АТ-компаниясы, білім беру басқару мекемелердің өкілдеріне, сондай-ақ мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға, білім беру ұйымдарының әкімшілеріне бірыңғай электрондық білім беру аймағының әзірлеушісі «Kүнделік (Kundelik)» ЖШС дайындаған болатын.
None
None

Әлбетте, бұл  электрондық жүйеге ҚР Білім және ғылым министрлігі әзірше сынақ ретінде ғана қарап отыр. Дей тұра, оның білім жүйесіне оңтайлы әсер ететіне сенім мол. Жоба көмегімен ата-ана ғаламтор арқылы баласының үлгерімін қадағалайтын болса, мұғалімдер қағазбастылықтан арылмақ.

Kundelik.kz жүйесі өкілдерінің сөзіне сүйінсек, «Күнделік» әлеуметтік желісі, пайдаланушылар жүйе ішінде өзара сөйлесе алатын, заманауи құрал-коммуникациясы болып табылады. Басқа да әлеуметтік желілерге қарағанда, бұл әлеуметтік желіде өз бетімен аноним ретінде ешкім тіркеле алмайды. Әрбір пайдаланушыны өз мектебі тіркейді. Осылайша, Күнделік желісінде балаларымызға қауіп төндіретін жасырын (аноним) тұлғалар болуы мүмкін емес, мұндай пайдаланушы бірден анықталып, бұғатталынады және ол Қазақстан Республикасының Заңнамасынамен жауапқа тартылады. Сонымен қатар, әрбір пайдаланушы жеке деректерін ешкімге көрсетпейдіндей етіп, өз бетінше қажетті парамметрлерді профилінде таңдай алады. Бұл Kundelik.kz жүйесін жасөспірімдердің қарым-қатынас жасауына айрықша қауіпсіз білім беру ортасын етеді.

Kundelik.kz жүйесі және пайдаланушылардың барлығы деректері «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік ақпараттық жүйелерінің операторына тиесілі және ҚР БҒМ ММ бекітілген ақпараттық-есептеу ресурстарында Қазақстан Республикасының аумағында жабық қорғалған дата-орталығында орналасқан. Пайдаланушылардың деректері ҚР БҒМ ММ тікелей қарамағында. Kundelik.kz жүйесіне қолжеткізу жабық болып табылады, сырттан ешқандай деректер қолжетімді емес.

Қазіргі уақытта жүйені барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары мен 156 қалалық және аудандық білім бөлімдері  қолданып отыр.

Оған қоса, электрондық ресурсқа 2,5 млн. адам тіркелген. Олардың ішінде:

  • 174006 мұғалім;
  • 1467286 оқушы;
  • 854280 ата-ана.

Kundelik.kz ресурсы «Информатизациялау туралы» заңына сәйкес ақпараттық жүйелердің мемлекеттік бірыңғай операторы - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ инфрақұрылымында орналастырылған. Сынақтағы жоба оң нәтиже беретін болса, барлық өңірдегі мектептер жаппай электронды жүйеге көшетін болады. 

Өкінішке қарай, оншақты жыл бойы қалыптасқан нәрсені бір сәтте жоюға болмайды. Сондықтан «Күнделік» жүйесі пилоттық режимде көптеген мектептерге енсе де сол мектептердегі мұғалімдер қағазбастылықтан жүз пайыз құтылдық деп қуана айта алмайды. Себебі, мұндай технологиялық жаңалықтарға еліміздегі барша мұғалімдер бұған дайын емес, барлығы бірдей ақпараттық технологияларды меңгере алмайды. Сонымен қатар, тағы бьір маңызды проблема- әр түрлі мектептерде Интернет пен компьютер техникасы әр түрлі деңгейде жабдықталған. Осыған байланысты, қағазсыз құжат айналымға көшу бірте-бірте жүретін болады. Электронды журналды қағаздық журналға теңестіретін заңды негізі жасалып қойған және ағымды оқу жылының соңына дейін мектептерге қалаулары бойынша журналдың электронды нұсқасын ғана жүргізуге еркіндік беретін тағы да нормативтік-құқықтық акт қатары шығатын болады. 

Соңғы жаңалықтар