Лондондағы Ковентри-стрит Рамазанға орай төртінші рет безендірілді

АСТАНА. KAZINFORM — Лондон орталығындағы әйгілі Ковентри-стрит қасиетті Рамазан айына орай төртінші жыл қатарынан арнайы жарық шамдарымен безендірілді, деп хабарлайды Анадолы.

Рамазан айы
Фото: Анадолы

Көше Ұлыбритания астанасының символдарының бірі — Пикадилли-Сёркус алаңынан Лестер-сквер алаңына дейін созылып жатыр. Биыл да мерекелік жарық инсталляциясы орнатылып, «Қайырлы Рамазан!» деген жазу жарқырап тұр.

Безендіру жұмыстары Aziz Foundation қоры мен Лондон муниципалитетінің ынтымақтастығымен жүзеге асты.

Шамдарды жағу рәсіміне Лондон мэрі Садик Хан және қор өкілі Рахима Азиз қатысты. Мэрдің айтуынша, төрт жыл бұрын Лондон Батыс әлемінде Рамазан шамдарымен безендірілген алғашқы қала атанды.

Садик Хан Рамазан айы түрлі дін өкілдерін бір ортаға тоғыстыратын кезең екенін атап өтті.

Мерекелік жарық 19 наурызға дейін жанып тұрады. Безендіруге шамамен 31 мың жарықдиодты шам қолданылған. Олар күн сайын сағат 17:00-ден 01:00-ге дейін қосылады.

Айта кетейік, Ковентри-стрит алғаш рет Рамазанға орай 2023 жылы безендірілген болатын.

Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің қалалары мен ауылдарына арналған Рамазан айының ораза кестесін жариялады.

Осыдан бұрын түркиялық қор Рамазан айында 66 елдегі 3 миллион адамға көмек көрсететіні анықталды.

Соңғы жаңалықтар