Атбасарда ҚТЖ филиалының жұмысшылары күдікті пакеттің салдарынан қауіпсіз жерге шығарылды

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
«24-ші қараша күні сағат 17:48 минут шамасында Атбасар аудандық ТЖБ кезекшілік бөліміне ҚТЖ ҰК АҚ-ның «Атбасар сигнализация және байланыс дистанциясы» диспетчері телефон шалып, ғимарат ішінде жарылғыш зат болуы мүмкін пакетті байқағанын хабарлаған.
Оқиға орнына дереу жеткен ТЖД «өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің жеке құрамынан 9 адам және 2 арнайы техника, ҰҚКД жеке құрамынан 2 адам және 1 арнайы техника, аудандық ІІБ жеке құрамынан 35 адам және 5 арнайы техника, Атбасар стансасы ЖІІБ 6 адам, «ӘТЖК» АҚ-ның Атбасар филиалы стансасының атқыштар командасынан 10 адам, жедел медициналық көмек ауруханасынан 2 адам және 1 арнайы техника жұмылдырылды.
Тексеріс барысында күдік тудырған пакеттің ішінде жарлығыш зат болмай шықты», - деп көрсетілген хабарламада.