Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — Ақмола облысының Атбасар қаласында жолаушыларға жаңа теміржол вокзалы пайдалануға берілді.

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды
Фото: Kazinform

Жаңа вокзал Мемлекет басшысының тапсырмасымен ескі теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында салынды.

1956 жылы салынған бұрынғы вокзал ғимаратының ауданы 653 шаршы метр болған. Апатты жағдайға жеткен нысан толықтай бұзылып, орнына жертөле қабатымен бірге жалпы ауданы 823 шаршы метр болатын жаңа ғимарат салынды.

Сонымен бірге, вокзал мен платформалардың айналасындағы 6481 шаршы метр аумақ абаттандырылды. Жағалау платформасының ұзындығы 387 метр болса, аралдық платформаның ұзындығы — 384 метр. Екі аумақ та брусчаткамен қапталған.

— Атбасар вокзалы Ақмола облысындағы бағдарламамыз аясында іске асырылған соңғы нысан болды. Командамыз вокзалды белгіленген мерзімде ашу үшін барлық жұмысты тығыз кесте бойынша атқарды. Әр нысан жолаушыларға жайлы жағдай жасау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып салынды, — деді мердігер құрылыс компаниясының басшысы Мадияр Саттыбаев.

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды
Фото: Kazinform

Жаңа вокзалда жолаушыларға, оның ішінде балалы жолаушыларға арналған жағдайлар қарастырылған. Атап айтқанда, ана мен бала бөлмесі, балалар ойын аймағы және алғашқы медициналық көмек көрсету бөлмесі бар. Сондай-ақ кіріп-шығуды бақылау жүйесі орнатылған.

Ерекше қажеттіліктері бар жолаушылар үшін де тиісті жағдай жасалған. Оларға арналған санитарлық бөлме, Брайль қарпімен әзірленген жол сілтегіш схема, тактильді плиткалар мен дыбыс күшейткіш жүйе орнатылды.

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды
Фото: Kazinform

Ашылу салтанатына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбуғанов, ҚТЖ Ұлттық компаниясы Ақмола магистральды желі бөлімшесі филиалының басшысы Дәурен Қабас қатысты.

— Атбасар вокзалы Ақмола облысындағы бағдарламамыз аясында іске асырылған соңғы вокзал болды. Командамыз вокзалды белгіленген мерзімде ашу үшін барлық жұмысты тығыз кесте бойынша атқарды. Әр нысан жолаушыларға жайлы жағдай жасау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып салынды, — деді компанияның бас директоры Мадияр Саттыбаев.

Жолаушылар үшін балалы транзит жолаушыларына арналған бөлме, балалар ойын аймағы, алғашқы медициналық көмек бөлмесі және кіру шығуды бақылау жүйесі жасалды. Ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған санитарлық бөлме, Брайль шрифтіндегі жол сілтегіш схема, тактильді плитка және дыбыс күшейткіш жүйе қарастырылған.

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды
Фото: Kazinform

Айта кетейік, Қазақстанда 124 теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр. Көлік министрлігінің мәліметінше, жұмыс тек ғимараттардың сырты мен ішін жөндеумен шектелмейді. Жаңғырту кезінде вокзалдар жолаушыларға қауіпсіз әрі ыңғайлы болатындай етіп жаңартылады.

Бұған дейін Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Астана вокзалдарындағы жөндеу жұмыстарының қашан аяқталатынын айтып берді.