13:56, 20 Маусым 2025 | GMT +5
«Атырау» футбол клубы ресейлік қақпашымен келісімшартты тоқтатты
АТЫРАУ. KAZINFORM – «Атырау» футбол клубы ресейлік қақпашымен арадағы келісімшартты мерзімінен бұрын бұзды.

Футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мұнайлы команданың қақпасын ресейлік Арсен Сиукаев та қорғаған.
«Өзара келісім аясында «Атырау» футбол клубымен ресейлік қақпашы Арсен Сиукаевтың қош айтысқанын ресми түрде хабарлаймыз. Барлық келісімшарт екіжақты түсіністік шеңберінде бұзылды. Футбол клубы командаға қосқан үлесі үшін аталған ойыншыға алғыс білдіріп, ілгергі мансабына табыс тілейді, -деп мәлім етті баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұған дейін «Атырау» футбол клубы 4 легионермен арадағы келісімшартты тоқтатты.
Кейін футбол клубы тағы 2 легионермен келісімшартты бұзғанын хабарлаған едік.