Атырау қаласындағы базар аумағында өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Атырау қаласындағы Бейбарыс даңғылы бойында орналасқан базарлардың бірінде киім сататын бутиктер өртенді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Астанада үш қабатты ғимараттан өрт шықты
Фото: ТЖМ

Оқиға туралы хабарлама түскен соң, ТЖМ бөлімшелері дереу оқиға орнына жетті. Олар келген кезде контейнер түріндегі бутиктер ашық жалынмен жанып жатқан және өрттің көрші сауда орындарына таралу қаупі болған.

— Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалын басқа бутиктерге өтпей, өрт қысқа уақытта сөндірілді. Жалпы өрт 500 шаршы метр аумақты қамтыды. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, 4 учаске бойынша жұмыс жүргізілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Астанада үш қабатты дәмхана ғимараты өртенгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар