Атырау мұнай өңдеу зауытында кейбір технологиялық қондырғылар тоқтатылған

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау мұнай өңдеу зауытында кейбір технологиялық қондырғылар тоқтатылған.

Атырау мұнай өңдеу зауыты
Фото: Атырау мұнай өңдеу зауыты

Кәсіпорынның қоғаммен байланыс тобының ақпаратына қарағанда, кеше, 21 қыркүйете сыртқы электрмен жабдықтау жүйесінде үзіліс болған.

«Соған байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытының жекелеген технологиялық қондырғылары тоқтатылды. Оқиға кезінде қалған технологиялық қондырғыларының жұмысы, сондай-ақ кәсіпорынның құбыр жүйесіндегі қысымның қажетті деңгейі жеке жылу-электр орталығымен қамтамасыз етілді», - деп хабарлады қоғаммен байланыс бөлімі.

Сыртқы электрмен жабдықтау жүйесінде оқиғаның себептері мүдделі тараптармен бірлесіп шешіледі. Кәсіпорындағы жағдай бақылауға алынған.

«Қазір зауыттың сыртқы электрмен жабдықталуы тұрақтандырылд. Тоқтаған технологиялық қондырғыларды іске қосу-реттеу, одан әрі тұрақты өндірістік режимге шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зауытта жинақталған қор есебінен тұтынушыларға әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерін штаттық режимде жөнелтуді жалғасып жатыр», - деп мәлім етті қоғаммен байланыс бөлімінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау мұнай өңдеу зауытында қазанда жоспарланған алдын алу жұмысы жүргізілетінін хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ, қыркүйектің алғашқы аптасында Атырау мұнай өңдеу өңдеу зауытында көмірсутек газы ауаға жіберілгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар