Атырау мұнай өңдеу зауытында сұйытылған газ қайта шығарыла бастады

Атырау мұнай өңдеу зауытының каталитикалық крекинг қондырғысында жоспарлы тексеру жұмыстары кестеден екі күн бұрын аяқталып, іске қосылды. Бұл сұйытылған газ мұнай газын өндіруді қайта бастауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Kazinform.

Атырау МӨЗ
Фото: egemen.kz

Кәсіпорынның қоғаммен байланыс бөлімінен мәлім еткендей, 29 қазанда каталитикалық крекинг қондырғысы іске қосылып, тұрақты жұмыс режиміне көшірілген.

– Зауыт қондырғыларындағы жоспарлы тексеру жұмыстарына мамандандырылған ұйымдар жұмылдырылд. Зауыттың профильді қызметтерінің жіті бақылауының нәтижесінде 29 қазанда каталитикалық крекинг қондырғысы тұрақты жұмыс режиміне шығарылды. Бұл сұйытылған мұнай газын өндіруді қайта бастауға, дизель отыны өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік берді, -деп хабарлады кәсіпорынның қоғаммен байланыс бөлімін.

Кәсіпорынның өзге технологиялық қондырғыларда жоспарлы тексеру жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды. Жабдықтарды кезең-кезеңімен технологиялық режимге шығару жоспарланып отыр. Зауыт тұрақты жұмыс режиміне қараша айының алғашқы онкүндігінде шығады.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы 1 қазанда тоқтатылатынын хабарлаған едік.

Атырау мұнай өңдеу зауыты бас директорының орынбасары – бас инженер Әділет Шошанбасовтың айтуынша, жоспарлы тексеру – күрделі жөндеу емес, ағымдағы жоспарлы іс-шаралар.

– Мұндай жоспарланған тексеру жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. Бұл – күрделі жөндеу емес, технологиялық қондырғылардағы бөлшектердің, тораптардың, механизмдердің мерзімінен бұрын тозуының алдын алуға, жарамдылық мерзімін ұзартуға бағытталған технологиялық жабдықты күту, қадағалау, пайдалану және жөндеу жөніндегі іс-шаралар кешені. Осыған байланысты барлық қондырғының жұмысы тоқтатылады. Біз ауа райын ескеріп, технологиялық қондырғыларды салқын түскенге дейін іске қосуға ниеттіміз, - деп мәлім екен еді Әділет Шошанбасов.

Кейін Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғылардың бірінші кезегі қайта іске қосылғанын жазған болатынбыз.

Кәсіпорынның қоғаммен байланыс бөлімінен мәлім еткендей, 21 қазанда тексеру жұмыстарының аралық қорытындысы шығарылған. Соған сәйкес технологиялық қондырғылардың бірінші кезегі іске қосылған.

– Қазір зауыттың тәуліктік мұнай өңдеу көлемі – 9 500 тонна. Мұнай өнімдері мынадай көлемде шығырыла бастады. Автобензин – тәулігіне 1 200 тонна, дизель отыны – тәулігіне 1 500 тонна. Зауыттың технологиялық қондырғыларда жоспарлы-алдын ала тексеру жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды. Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сәйкес жабдықтарды кезең-кезеңімен технологиялық режимге шығару жоспарланып отыр, - деп хабарлады қоғаммен байланыс бөлімі.

Соңғы жаңалықтар